«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» РМК нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізетін Үйлестіруші болып айқындалды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 шілдедегі №451 қаулысымен бекітілген нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу қағидаларының
10-тармағына сәйкес, Үйлестіруші конкурстық негізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу үшін сарапшыларды тартады.
Осыған байланысты, біз сарапшыларды конкурстық іріктеуге қатысуға және сыбайлас жемқорлықты жоюға үлес қосуға ниетті барлық азаматтарды шақырамыз.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2020 жылы 9 қарашадан сағат 10:00-ден бастап – 2020 жылы 15 қарашада сағат 24:00-ге дейін, Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша.
Қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарымен, қажетті құжаттар тізбесімен, сарапшыларды іріктеу кезеңдерімен, тестілеу қағидаларымен және құжаттарды қабылдау орындары туралы ақпаратпен мына жерде танысуға болады:
Қатысушыларға қойылатын талаптар.doc