Жаңалықтар

Ресей клубының отырысы өтті

31.10.2008

2008 жылдың 30-қазанында биология факультетінің үлкен акт залында Ресей клубының Республика күніне арналған «Орыс тілі Қазақстанда» атты отырысы өтті. Ресей клубының жетекшілері: орыс тілі кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор Ахмедьяров Қ.Қ., ф.ғ.к., доцент Мухамадиев Х.С., аға оқытушы Рыгалова Н.С. Клубтың жұмысы семинар-лекция түрінде көрініс тапты. Отырысқа билогия, география факультеттерінің студенттері мен орыс тілі кафедрасының оқытушылары қатысты.

 

 

Отырысты география факультетінің 3-курс студенті Әбілхожаева Әсел жүргізді. Орыс тілі кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор Қ.Қ. Ахмедьяровтың, ф.ғ.к., доцент Х.С. Мухамадиев пен университеттің ғалым-хатшысы, ф.ғд., профессор Л.В. Екшембееваның баяндамалары орыс тілін меңгеру мен оның Қазақстандағы мәртебесінің  өзекті мәселелерін қамтыды.

 

 

 

Сонымен қатар клуб жұмысында студенттер де белсенділік танытты. Баймұханов Дәулетжан «Шығыс пен Батыстың Абай жеріндегі кездесуі», Молдашева Әйгерім «Орыс тілі Әлемдік тілдердің бірі ретінде» атты баяндамалар жасап, Абдирова Жанат орыс және қазақ тілдері туралы өлеңдер оқыды. Отырыстың соңында тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Төлеева Н.Ә. университеттегі оралман студенттерге орыс тілін оқыту жоспары мен келешегі туралы айтып өтті.

Жалпы айтқанда, тілдік клубтардың жұмыстары студенттердің тілді игеруде қызығушылығын арттырып, тілдік ортаның қалыптасуына ықпал етеді.

Тілдерді дамыту бөлімі.