Жаңалықтар

ҚазҰУ байқаудың жеңімпаздарын анықтады

04.12.2020

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жас Ғалымдар Кеңесі Нұрсұлтан Назарбаев қорымен бірлесіп, «COVID-19 пандемиясының салдарын шешу жөніндегі менің көзқарасым» тақырыбында жас ғалымдарға арналған республикалық ғылыми жобалар байқауын өткізді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Жас Ғалымдар Кеңесі 2019 жылы Нұрсұлтан Назарбаев қорының  «Ең Үздік Жас Ғалымдар Кеңесі» атты байқауының жеңімпазы ретінде тағайындалған сыйақысы аясында, 2020 жылдың 6 қарашасында 40 жасқа дейінгі жас ғалымдары арасында  республикалық ғылыми жобалар байқауын өткізетіндігі туралы хабарлады. Байқаудың басты мақсаты – ғылыми зерттеулерге қатысу үшін Қазақстанның жас ғалымдарын тарту және оларға өзекті мәселелерді талқылау үшін платформа ұсыну. Мұндай іс-шаралар жас ғалымдардың ғылыми-инновациялық қызметін, олардың кәсіби өсуін ынталандырады, жедел ғылыми-практикалық мәселелерді шешуге күш біріктіреді.

Байқауға Қазақстан аймақтарының әртүрлі университеттері мен ұйымдарынан 50 ғылыми жоба ұсынылды. Ұсынылған жұмыстар COVID-19 пандемиясының зардаптарының әлеуметтік, экономикалық аспектілерін, қоршаған ортаның жай-күйі мен халықтың денсаулығы, сонымен қатар коронавирустық инфекцияның таралуының жағымсыз салдарының әсерін барынша азайтуға бағытталған кешенді тәсілдерді ұсынып, өзекті мәселелерді шешуге бағытталған.

Байқаудың бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша байқаудың негізгі критерийлеріне сәйкес келетін және ең жоғары ұпай жинаған 10 жұмыс таңдалып алынды. Іріктеуден өткен жобалар 2 желтоқсанда өткен екінші кезеңде әртүрлі ғылыми бағыттағы мамандардан тұратын Конкурстық комиссия мүшелеріне ұсынылды.

Конкурстық комиссияның шешімі негізінде үш үздік ғылыми жұмыс анықталып, олар дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

I дәрежелі дипломды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жас ғалымы Ж.Б.Нармұратова жеңіп алды.