Жаңалықтар

ҚазҰУ-да «Smart Marketing and Logistics орталығы құрылды

09.12.2020

Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Бизнес технологиялар» кафедрасы «Smart Marketing and Logistics» орталығының ашылғандығы туралы хабарлайды.

Орталық қызметінің бағыты оқу-ағарту қызметі, ғылыми мектептер мен пәнаралық курстар құру, консалтинг, сондай-ақ халықаралық гранттық конкурстарға қатысуға арналады. Орталықта пандемия кезіндегі электронды сауда, азық-түлік жеткізудің "Ақылды" тізбектері, пандемиядағы логистикалық процестер сияқты ғылыми мектептер дамып келеді.

Орталық оқытушылардың біліктілігін арттыруға, жұмыс берушілермен ынтымақтастықты кеңейтуге, жетекші университеттердің ғалымдарымен халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, магистранттар мен докторанттарды ғылыми-зерттеу қызметіне тартуға және ғылыми зерттеулерді коммерцияландыруға бағытталған. «Smart Marketing and Logistics» орталығы әрдайым ғылыми қоғамдастық тарапынан да, бизнес пен өндіріс тарапынан да перспективалы және өзара тиімді қарым-қатынас құруға дайын.

www.kaznu.kz