Құрметті әріптестер мен студенттер!
Көктемнің алғашқы наурыз айында қазақ халқының ұлылығын дәріптей түсетін Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мейрамы тойланып, Жаңа жылымыз басталады. Бұл мезгіл – күн мен түннің теңеліп, табиғаттың қайта жаңғыратын ерекше сәті.
Биыл, еліміздің тәуелсіздігіне 20 жыл толып отырған жылы Елбасы өз Жолдауында әлеуметтік жаңғыру мәселесін қойды. Бұл жаңғыру басымдығының жаңару күнінде жоғарғы маңызға ие екендігі анық.
Наурыз мейрамының тағы бір өзгешелігі – оның ел ынтымағын арттыруда алатын орны зор. Араздасқан ағайынның бір-бірімен табысып, ағаттыққа кешіріммен қарап, түсінісіп, өзара ырыс-берекемен мерейлерін өсіретін ұлық мереке.
Халықаралық мейрам қасиетті қара шаңырақта қолға алынған ұжымдық рух мәдениетінің дамуына өз үлесін қосып, бірлігіміздің нығая беруіне тілектеспін. Ұжымдық мәдениет рухы биік және берік ұжымның алмайтын қамалы, шықпайтын шыңы жоқ. Сондықтан, “Ақ мол болсын, ұлыс оң болсын!” деп тілек білдіретін достық пен ынтымақ мерекесі көшбасшылық мерейімізді асқақтата түссін.
Ұлыстың ұлы күні бір-бірімізге деген сенім артып, еліміздің іргетасы нығая берсін деген лебіз айтамын. Жаңа жыл барлығымыз үшін табысты да берекелі болғай!
Ғалымқайыр МҰТАНОВ,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры