Жаңалықтар

«Мемлекет пен дін қарым-қатынасы модельдерін жасау жолындағы ізденіс» атты халықаралық ғылыми тәжірибелік конференция

24.03.2011

25 наурыз сағат 10.00-де ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінде (Алматы қ., Амангелді көшесі, 61, ГУК-7) Тәуелсіздігіміздің 20-жылдығы аясында халықаралық ғылыми-тәжірибелік «Мемлекет пен дін қарым-қатынасы модельдерін жасау жолындағы ізденіс» атты конференция өтеді.

Конференцияда Қазақстанның үздік оқу орындарының оқытушылары, атқарушы билік органдарының өкілдері, діни ұйымдар және ақпараттық-талдау орталықтары, ғылыми-зерттеу және бұқаралық ақпарат құралдары мен халықаралық ұйымдар қатысады.

Пленарлық және секциондық отырыстарда мемлекет пен дін арасындағы саяси-құқықтық қарым-қатынас және әлеуметтік-мәдени қоғамдағы рөлі туралы сұрақтарға жауап берілмек.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі