Жаңалықтар

Жоғары марапат

22-жел-20

ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов ҚазҰУ-дың бірқатар оқытушы-профессорлар құрамына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан «Ерен еңбегі үшін» жоғары мемлекеттік марапатын табыстады.

Аталған жоғары марапатқа профессорлар: Құралай Байзақова, Мара Губайдуллина, Гульнара Насимова ие болса, «Шапағат» медалі: Фатима Кукеева, Клара Макашева және IT маманы Ерлан Кыстаубаевқа табыс етілді.

Профессор Мара Губайдуллина: «Әріптестерімді кәсіби марапаттарымен шын жүректен құттықтаймын! Университетіміздің оқытушылары алғаш рет өз жұмыстары үшін осындай жоғары бағаға ие болғанына өте қуаныштымын! Бұл халықаралық қатынастар факультетінің 25-жылдығына жасалған сыйлық екені сөзсіз. Біздің идеяларымыз бен бастамаларымызды, әріптестерімізбен бірге жүзеге асыра алатын халықаралық және республикалық жобаларымызды қолдайтын ҚазҰУ басшылығына шын жүректен ризамыз.

Біз түлектерімізге, жаңа буын мамандарына – кәсіби өмірде өз жолын тапқан және өз университетін, өздерінің alma mater және бізді, олардың оқытушыларын ұмытпағанына өте ризамыз! Барлықтарыңызға биік белестер мен толағай табыстар тілеймін және Жаңа жылдарыңызбен»!

Жоғары мемлекеттік марапаттардың иелерін шын жүректен құттықтаймыз!

www.kaznu.kz