Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығаратын «International Journal of Mathematics and Physics» «Web of Science»(Clarivate Analytics) беделді халықаралық деректер базасының платформасындағы «Emerging Sources Citation Index» дәйексөз индексіне енгізілді.
«International Journal of Mathematics and Physics» жорналы бас редакторы болып табылатын ҚазҰУ ректоры, академик Ғ.М. Мұтанов, «Emerging Sources Citation Index» деректер базасында индекстелетін университеттің төртінші ғылыми басылымы.
Осылайша, дерекқорға «International Journal of Biology and Chemistry» журналы, сондай-ақ әл-Фараби ат. ҚазҰУ-мен бірлесіп шығарылатын «Eurasion Chemico-Technological Journal» және «Известия НАН РК. Физика-математика сериясы». журналы кіреді.
«Web of Science» деректер базасын басқаратын Clarivate Analytics компаниясының саясатына сәйкес «Emerging Sources Citation Index» индекстеу үшін сараптамалық топтың журналдарды таңдауы, негізгі деректер базасына енгізу үшін маңызды қадам болып табылады, онда журналға мақалалардың дәйексөз болуы негізінде импакт-фактор индексі беріледі.
Университеттің тағы бір журналын үздік ғылыми басылымдарды индекстейтін беделді халықаралық деректер базасына енгізу Қазақстан ғылымы флагманының кезекті жетістігі болып табылады.