Жаңалықтар

Әл-Фарабидің жаһандық форумы

04.01.2021

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Исламабадта (Пәкістан) өткен «Әл-Фарабидің Жаһандық форумы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысып, өтіп бара жатқан жыл көрнекті ғалым-ойшылдың 1150 жылдық мерейтойын аяқтайтын іс-шаралардың бірі болды.

Іс-шараны Ислам Ынтымақтастық Ұйымының ғылым және технологиялар саласындағы ынтымақтастық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы (КОМСТЕК) Пәкістан Президенті Ариф Алвидің тікелей қолдауымен және қатысуымен өткізді.

Аталмыш шараға 17 мемлекеттен 150-ден астам адам қатысты, олардың ішінде Пәкістан, АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Катар, Қазақстан және басқа да елдердің жетекші университеттерінің көрнекті фарабитанушы ғалымдары, түрлі халықаралық ұйымдардың, соның ішінде Халықаралық Түркі академиясының, сондай-ақ елде аккредиттелген дипломатиялық корпустың өкілдері бар.

Қазақстан атынан ИЫҰ жанындағы ҚР Тұрақты өкілі Берік Арын, ҚР Пәкістандағы Елшісі Ақан Рахметуллин және Қазақ ұлттық университеті жанындағы әл-Фараби орталығының жетекшісі Бекжан Мейірбаев қатысты.

Жаһандық Форумның ашылу салтанатында сөз сөйлеген Пәкістан Президенті Ариф Алви әл-Фараби ілімінің жалпы адамзат үшін, атап айтқанда Ислам әлемі үшін мызғымас өзектілігін ерекше атап өтті. Осыған байланысты ол соңғысын әл-Фарабидің зияткерлік мұрасының адамгершілік құрамдас бөлігіне сүйене отырып, ғылым мен технология саласында өзіне қажетті серпіліс жасау үшін күш-жігерін жұмылдыруға шақырды.

ИЫҰ Бас хатшысының ғылым және технологиялар жөніндегі орынбасары Асқар Мусинов қатысушыларды әл-Фарабидің ғылыми мұрасын ИЫҰ елдерінде ғана емес, жаһандық деңгейде кеңінен тарату жөніндегі халықаралық іс-шараларды тұрақты өткізу туралы ұсыныспен мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері бірауыздан қабылдаған арнайы қарар туралы хабардар етті.

Қазақстанның ИЫҰ жанындағы Тұрақты өкілі, Сауд Арабиясындағы Елшісі Б.Арын биылғы жылы Қазақстанда және шетелде әл-Фараби мұрасына арналған ауқымды ғылыми-практикалық іс-шаралар туралы айтып, оның ХХІ ғасырдың өзекті гуманитарлық хабарландыруына сәйкес бүкіл адамзаттың игілігі болып табылатынын атап кетті.

Екі күндік форум барысында қатысушылар әл-Фарабидің дүниетанымының негізгі ерекшеліктерін, оның философияға, лингвистикаға, метафизикаға, психологияға арналған еңбектерінің негізгі ережелерін, олардың Ислам әлемі мен батыс елдері ғалымдарының Орта ғасырлар мен жаңа дәуірдегі көзқарастарының қалыптасуына ықпалын, сондай-ақ ұлы ойшылдың адамзат өркениетінің дамуына өлшеусіз үлесін жан-жақты талқылады.

www.kaznu.kz