Жаңалықтар

Игі іс!

21.12.2020

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың медицина және денсаулық сақтау факультетінің дене шынықтыру және спорт кафедрасының ұжымы ұлы ғалым және ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің мерейтойына орай тоқайластырылған «Қайырымды коғам» челленджін жалғастырды.

Ұлы Әл-Фараби айтқандай, «бақыт дегеніміз – ізгілікті істермен қол жеткізілетін мақсат», яғни қоғамның толыққанды өмір сүруі үшін мейірімділік, әдептілік, адалдық және әділеттілік сияқты келесі адами құндылықтар қажет.

21 желтоқсанда дене шынықтыру және спорт кафедрасының ұжымы Алматы қаласындағы «Жанұя» КММ балалар үйінің тәрбиеленушілеріне кеңсе тауарларын сатып алу арқылы қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Елдегі карантиндік шараларға байланысты балалармен жүздесуге мүмкіндік болмады. Бірақ, біз осы мекеменің директоры М.М. Даулетбековамен кездесіп және біздің кішкентай сыйлығымызды бердік. Әңгіме өте жылы жағдайда өтті. Кездесу барысында ол бізге балалар үйінің барлық жағдайын айтып берді және өзінің үлкен ризашылығын білдірді.

Әр бала ерекше, барлық балалар тең. Біз, балаларға бақыттың бір бөлігін сыйлай алғанымызға қуаныштымыз!