Бұл сыйлық ҚР БҒМ Ғылым комитетінің байқауы аясында өткізіледі және ғылым мен техниканың дамуына елеулі үлес қосқан жас ғалымдарды ынталандыру мақсатында жыл сайын беріледі.
Сыйлық лауреаттарының құрамына постдокторанттар: С.А. Оразбаев, Е.А. Үсенов, PhD докторы Д.Г. Батрышев, ИБЗ меңгерушісі Е. Ерланұлы, плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы А.У. Өтегенов кірді.
Сыйлық «Практикалық қосымшаларға арналған заманауи плазмалық технологиялар негізінде наноқұрылымды материалдар алудың ғылыми негіздерін әзірлеу» атты жұмысы үшін берілді.
Жұмыстың мақсаты-плазмалық технологиялар негізінде наноқұрылымды материалдарды синтездеудің ғылыми негіздерін жасау, плазманың қасиеттерін зерттеу, алынған наноматериалдардың морфологиялық және құрылымдық сипаттамаларын және оларды қолдану перспективаларын талдау.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы-плазмалық ортада наноқұрылымды материалдарды синтездеу бойынша алынған нәтижелер өнеркәсіптің әртүрлі салаларында қолдану үшін жаңа тиімді әдістер мен технологиялардың ғылыми негізіне айналады.
Авторлар жұмысының нәтижелері бойынша 200-ден астам ғылыми жарияланым, оның ішінде импакт-факторы жоғары журналдарда 40-тан астам мақала жарияланды, бұл орындалатын зерттеулердің халықаралық деңгейде маңыздылығын растайды, ҚР 4 патент алынды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жас ғалымдарының ғылыми нәтижелерін мойындау және оларға Д.А. Қонаев атындағы сыйлық беру университеттің Қазақстанның ғылыми-зерттеу қызметі және көрнекті жас зерттеушілерді даярлау саласындағы жетекші орында екендігіне тағы бір растау болып табылады.
www.kaznu.kz