Жаңалықтар

Профессор Жүсіп Сүлейменовтың наградасы

28-жел-20

ҚР Президенті әкімшілігінің Алматы резиденциясында ҚР азаматтарымен кездесу өтіп, оларға ҚР Президентінің атынан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай наградалар табыс етілді. Марапатталғандардың қатарында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Жүсіп Сүлейменұлы Сүлейменов болды.

Биыл Жүсіп Сүлейменұлы Сүлейменов 80 жасқа толды. Кездесуде ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың атынан 80 жылдық мерейтойына орай Жүсіп Сүлейменұлы Сүлейменовке алғыс хат пен «Алтын барыс» құрмет белгісін табыс етті.

Құттықтаймыз!