26 наурыздаҚазҰУ-дың Спорт кешенінде бокстан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Алматы қалалық құрама командалары арасында жолдастық кездесу болып өтті. Бұл спорттықкездесу Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналды. Шараны «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалы мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұйымдастырды.
Сайыстың салтанатты ашылуында ҚазҰУ-дың ректоры Ғалымқайыр Мұтанов қатысушыларға жеңіс, жанкүйерлерге сәттібәсеке тіледі. Содан кейін-ақ басталған дода бірден қызып сала берді. Шаршы алаң қызу дайындықпен келген былғары қолғап шеберлерінің тартысты бәсекесіне, ал көрермен үшін салауатты өмір салтының нақ көрінісіне айналды.
Нәтижесінде, жалпыкомандалық есеп бойынша6:0ұпай көрсеткішіменәл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың былғары қолғапшеберлері қалалық құрамадан басым түсті. Университет намысын қорғаған52 келі салмақта – С.Тюлев (биология факультеті, 2 курс), 64 келіде– А.Иралиев (халықаралық қатынастар факультеті, 3 курс), 69 келіде – А.Ашкеев (биология факультеті, 2 курс), 75 келіде – Е.Сейдалиев (экономика және бизнес жоғарғы мектебі, 1 курс магистранты), 81 келіде – А.Рысбек (биология факультеті, 3 курс), 91 келі салмақта – Е.Масенов (тарих факультеті, 2 курс магистранты) қалалық құрамадағы әріптестерінен басым түсіп, қасиетті қара шаңырақ мерейін үсітем етті.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі