Ресей мемлекеттік гуманитарлық университет делегаттары ҚазҰУ-дың Бірінші проректорының қабылдауында болды.
2011 жылдың 29 жұлдызында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінен келген делегациямен кездесу өтті. Делегация құрамында Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінің кеңестік шет ел кафедрасының доценттері Ханова Ирина Евгеньевна мен Цвижба Лариса Исиновна. Қонақтарды әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірінші проректоры, профессор Мұхамбетқали Бүркітбаев, оқу ісі жөніндегі проректор Гүлнәр Балақаева, тарих факультетінің деканы Жәкен Таймағанбетов, кітапхана директоры Гүлжан Мұсағалиева қарсы алды.
Кездесу барысында екіжақты қатынастардың одан ары дамыту жайлы мәселелер қозғалып, Ресей мемлекеттік гуманитарлық университеті, кеңестік шет ел кафедрасының студенттері Қазақстан тарихына қызығушылық танытып, бүгін тарихты зерттеп жүрген тарихшылар кітаптарымен танысуға құштар екендері айтылды, сол себепті қазақ тілінде бүгінгі тарихшылар тарапынан жазылып жатқан оқулықтар керектігін делегаттар басты назарға алынса дейді.
Бірінші проректор Мұхамбетқали Бүркітбаев келген қонақтар Қазақстанда тұңғыш рет болған соң, ең әуелі ҚазҰУ тарихына, оқу процесі мен 3 сатылы білім беру процесін, бакалавриат, магистратура және докторантура туралы мәлемет беріп, университтеттің зерттеу университетке айналу шаралары жүргізіліп, биылғы жылы қолданысқа 1 қыркүйекте берілетін Орталық Азиядағы ең үлкен кітапхана ҚазҰУ кешенінде ашылатынын да ескерте кетті.
Кездесу соңында делегаттар ҚазҰУ мұражайында болып, естелікке суретке түсіп, екіжақ сый-сияпат алмасты.
Алдағы күндері делегаттар тарих факультетінің ұжымы және студенттерімен кездесу өткізеді.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі