Жаңалықтар

Жылдың үздік студенті 2020

07.01.2021

«Bilim-òrkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен республика көлемінде үздік студенттер байқауы болып өтті.

Байқаудың басты мақсаты – студенттердің инновациялық әлеуетін арттыру, жас ғалымдардың зерттеушілік қабілетін дамыта отырып, тәжірибе алмасу болатын. Байқауға республикадан 400 студент өз құжаттарын жолдап, ең үздік студенттер іріктеліп, марапатқа ұсынылды. Соның ішінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті физика-техникалық факультеті «Стандарттау және сертификаттау» (салалар бойынша) мамандығының 4 курс студенті Айгерім Жекенбаева «Жылдың үздік студенті – 2020» атағына ие болды.

Айгерімді осындай жетістігімен жылуфизика және техникалық физика кафедрасы атынан құттықтаймыз!