- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Оқу бағдарламалары интеграцияланады
08.01.2021Журналистика факультеті ЮНЕСКО Халықаралық коммуникация даму бағдарламасы аясында (IPDC) Орталық Азия университеттеріндегі деректер журналистикасы бойынша оқу бағдарламаларын интеграциялау жобасын орындауда.
Халықаралық бағдарламаның басым бағыты БҰҰ № 4 Сапалы білім және №17 Тұрақты даму мүддесіндегі серіктестік мақсаттарын орындауда журналистік білімді жетілдіру мен жақсартудың жаһандық бастамасы дайындаған ресурстарды пайдалана отырып дамытуға бағытталады.
Журналистика және коммуникация саласындағы Тұрақты даму мақсаттары коммуникациялық жобаларын қолдайды және басқа Орталық Азия журналистика университеттерінің зерттеулері, ЮНЕСКО-ның оқу бағдарламасы, гендерлік ағым және БҰҰ қызметімен үйлестіру жобаның институционалдық негізі болып саналады. Сондай-ақ Баспаөз және электронды БАҚ кафедрасы Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстан универсиеттерінде зерттеу журналистикасындағы үлкен деректер бойынша семинарларын ұйымдастырады, ЮНЕСКО-ның нұсқаулықтарын таратып, ресурстарымен бөлісіп, көмек береді.
Орталық Азиядағы 55 журналистика университеті журналистика білімі бойынша ЮНЕСКО-ның оқу бағдарламаларына мұқтаж. Қазіргі таңда Орталық Азия журналистерінде дата журналистика – интерактивті графика мен визуалды мазмұнды пайдаланудың тиімді құралына айналды. Бірақ осы бір кезеңде ең маңызды фактілер мен тарихи деректер жойылатындықтан, ЮНЕСКО-ның деректер журналистикасының оқу бағдарламасын зерттеу журналистикасында тиімді қолдануға бейімдеу мақсатында оқытушылар мен зерттеушілерді оқыту қажет.
Журналистика деректерін пайдаланатын зерттеу журналистикасы Орталық Азия елдерінде әлі жеке жанрға айналған жоқ. Бұл жоба Орталық Азия аймағындағы 19 университетінің журналистика факультеттерінде деректер журналистикасы бойынша білім сапасын жақсартуға ықпал етеді әрі зерттеу журналистикасының тиімділігін арттырады. Ұсынылып отырған жоба ЮНЕСКО-ның зерттеу журналистика оқу бағдарламасын, Орталық Азия елдерінде білім беру, гендерлік, денсаулық сақтау салалары бойынша журналистік зерттеу жүргізу үшін интеграциялауға және бейімдеуге бағытталған. Журналистика және коммуникация саласындағы тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге Орталық Азия университеттері журналистика және коммуникация ассоциациясы мүшелері болып табылатын журналистика факультеттері ғалымдары үлес қосады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 2019 жылдан бері инновациялық «Data-журналистика» және Стамбул унвиерситетімен қосдипломдық «Big Data және журналистика» магистрлік білім беру бағдарламаларын іске қосты.
Орталық Азия университеттері IPDC журналистік білім берудегі озық тәжірибелер негізінде жаһандық бастамаға сәйкес деректер журналистикасы бойынша білім сапасын арттырады.
Дата журналистика саласында халықаралық және ұлттық мамандардың қатысуымен аталмыш университеттерде оқу жоспарын әзірлеуге арналған тренингтер Алматы, Душанбе, Ташкент және Бішкек қалаларында өтеді.
Жаңа білімді, біліктілікті игеруге бағытталған тернингтер нәтижесінде қатысушы елдер арасында тәжірибе алмасу мен жетілдіру басты нәтиже саналады.
Орталық Азиядағы ұлттық журналистика және коммуникация университеттерінің деректер журналистикасын интеграциялау БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарының басым бағыттарының бірі.