Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері Алматы қаласы бойынша Жастар саясаты басқармасының бастығы Б.М.Мәкенмен кездесті. Биология факультетінің үлкен акт залында Алматы қаласы бойынша Жастар саясаты басқармасының бастығы Бақтияр Мәкенұлы Мәкен ҚазҰУ жастарымен кездесті. Бұл кезедсудің алғысөзінде Тілдерді дамыту және тәрбие жұмысы жөніндегі департамент директоры Гүлнар Әлібекқызы жастарға Елбасы тарапынан артылған сенім-талаптарды атап өтті. Одан кейін Бақтияр Мәкенұлы жастармен еркін форматта пікір бөлісті.
Алматы қаласы жастарының басшысы Бақтияр Мәкенұлы бүгінгі күндегі еліміздегі өзекті мәселерге жастар назарын аудартты. Әңгіме барысында «Болашақ» стипендиясы иегерлерінің, ауыл жастарының, ЖОО түлектерінің қазіргі жағдайы және т.б мәселелер қозғалып, талқыланды.
Сондай-ақ, алдымызда келе жатқан кезектен тыс Президент сайлауына жастардың қатысу белсенділігіне байланысты пікірлер алмасып, Бақтияр Мәкенұлы жастарды сайлауға белсенді түрде қатысуға шақырды. Ал, студенттер арасынан айтылған жақсы ойлар мен пікірлер және қойылған сауал иелеріне қонағымыз арнайы сыйлығын ұсынды.
Жастар ұйымдары комитеті