Жаңалықтар

Химия факультетінің студенттері көркем әйнек көрмесіне қатысты

02.04.2011

31 наурыз күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың химия факультеті бейорганикалық химия кафедрасының оқытушылары мен студенттері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Көркем витраж және мозаиканың қазіргі тенденциялары – 2011» атты көркем әйнек көрмесіне қатысты.

Көрмені ҚР Тұңғыш Президентінің Қоры, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы мен Алматы қалалық әкімдігі ұйымдастырды. Көрме ҚР Тұңғыш Президенті Қорының галереясында 15 сәуірге дейін жалғасады. Студенттердің көркем әйнектен жасаған туындылары көрменің қызықты экспонаттарының біріне айналып отыр. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының ректоры А.Мұхамедиұлы осы көрмеде белсенділік танытқаны үшін бейорганикалық химия кафедрасының меңгерушісі, профессор Г.Абрамованыалғыс хатпен марапаттаған болатын.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі