4 сәуірде сағат 11.00-де ректораттың мәжіліс залында (15 қабат) Барбара Томас Джадж ханымның көшбасшылық дәрісі өтеді. Кездесуге университеттің департамент басшылары, білім және ғылым саласының қызметкерлері, оқытушылар мен студенттер қатысады.
Кездесу аясында ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов пен Барбара Томас Джадж ханым бас қосып, білім және ғылым саласында әріптестік қарым-қатынастарды талқылайтын болады. Құрметті қонақты ҚазҰУ мұражайымен таныстырады.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі