Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі №186 және №187 сайлау учаскелерінде 97%-дан жоғары көресткішпен дауыс берілді.
Сайлау учаскелерінде дауыс беруші үшін барлық жағынан қамтамасыз етілген, арнайы сайлау бақылаушылар тарапы дайындықты өте жақсы бағалады.
№186 сайлау учаскесінің комиссиясы төрағасы Есберген Алаухановтың мәлімдеуінше, сайлау заңдық нормаларға сай өтті. ҚазҰУ студенттері өте үлкен жауапкершілік танытып, жастар жағы ел болашағы олар үшін маңызды екенін дәлелдеді. «Бүгінгідей саяси ахуалға жастардың жоғары қызығушылығы және жоғарғы белсенділік көрсетуі мені қуантып отыр. Барлығы 98% сайлаушылар дауыс берді», - дейді Есберген Алауханов.
Ал №187 сайлау учаскесінің комиссия төрағасы Әбдіқаһар Сейітжановтың хабарлауынша, тіркелген 3024 сайлаушының 97,3%-ы дауыс берді. Сайлауға қатысушылар уақытылы келіп, өз таңдауларын жасады.
Сағат 20.00-де сайлау учаскелері жабылып, санақ басталды.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі