Жаңалықтар

Парсы тілінің апталығы өтті

12.04.2011

4-9 сәуір аралығында ҚазҰУ шығыстану факультетінің ирантану және үндітану кафедрасының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында парсы тілі апталығы өтті. Апталықтың ең бір маңызды оқиғасы - Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Ғорбан Сейфидің студенттерге оқыған «Қазақстан тәуелсіздігі тарихындағы Қазақстан мен Иран байланысы» дәрісі болды. Құрметті қонақты ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаев қарсы алды.

«Елші сағатына» факультет студенттері мен оқытушы-профессорлар құрамы, ҚР Қорғаныс Министрлігі Құрлық Әскерлері Институтының курсанттары қатысты.

Ирантану және үндітану кафедрасының 1-2 курс студенттері парсы тілінде өлең оқып, ән салды. Факультеттің 3 курс студенті Әділет Қонырбайтегінің «Путешествие по стопам предков» атты тұңғыш кітабының тұсауы кесілді. Ғорбан Сейфи мырза талантты жастардың талаптарын жоғары бағалап, өз қолынан бағалы сыйлық тапсырды.

Студенттердің осындай дарындылығы мен өнерін көпшілік жұртқа танытып, қолдау көрсеткен кафедра меңгерушісі Ғайни Жұмаділова болды.

Сондай-ақ, Иран мен Қазақстан мемлекетінің бірлесуімен «Ничего просто так не случается» фильмі түсіріліп, көпшілік назарына ұсынылды. Қоюшы режиссеры А.Х. Данаи.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі