Жаңалықтар

ҚазҰУ-дың іргелі медицина кафедрасының филиалы құрылды

28.01.2021

Фармация саласында кадрларды даярлауды жаңарту және оңтайландыру мақсатында «GxP Company» ЖШС базасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың іргелі медицина кафедрасының филиалы құрылды.   

Қазіргі заманғы еңбек нарығы еліміздің жетекші жоғары оқу орнының түлектеріне өз заманына сай келуі тиіс жоғары талаптар қояды. Жұмыс берушілер тек теорияны ғана емес, практикалық дағдыларды да меңгерген жоғары білікті кадрларға қызығушылық танытады. Сондықтан Қазақстанның фармацевтикалық нарығында жетекші орынға ие «GxP Company» базасында ҚазҰУ-дың іргелі медицина кафедрасының филиалы ашылды. Компанияның жаңа фармацевтикалық тәжірибелерді енгізу саласындағы беделі өте жоғары. «GxP Company» Еуропалық даму және қайта құру банкінің (ЕДҚҚБ) білікті кеңесшісі болып табылады.  

Филиал «Фармация» мамандығы бойынша бакалавр және магистранттарды оқытатын болады. Кафедра директоры болып дәрілік заттардың қауіпсіздігі, тиімділігі мен сапасының кепілі болып табылатын GxP стандарттары бойынша басқарушы лауазымдарда 10 жылдан астам өтілі бар PhD Данияр Абдамбаев кафедра директоры болып тағайындалды.  

www.kaznu.kz