Шығыстану факультеті ТҮРКСОЙ кафедрасының студенттеріне Халықаралық түркі ұйымы (ТҮРКСОЙ) атынан игі дәстүрге айналған шәкіртақы арнайы табыс етілді.
Халықаралық ұйымның Бас хатшысы Дүйсен Қасеиінов ТҮРКСОЙ кафедрасының «Түркітану», «Шетел филологиясы: түрік тілі», «Аударма ісі» мамандықтары бойынша білім алатын студенттерді ынталандыру және әлеуметтік тұрғыдан қолдау мақсатында берілген шәкіртақыны онлайн жиынға арнайы келіп табыстады.
Жүз мың теңге көлеміндегі бір реттік шәкіртақы ТҮРКСОЙ кафедрасының белсенді және ең озат студенттеріне берілді. Жиында сөз сөйлеген ТҮРКСОЙ өкілі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің басшылығын соңғы уақыттағы білім беру мен ғылым саласындағы халықаралық деңгейде қол жеткізген жетістіктерімен құттықтап, халықаралық ұйым мен университет арасындағы ынтымақтастықтың бұдан әрі де дами түсетініне сенім білдірді.
ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының атынан ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шараларды өткізуге қосқан ерекше үлесі үшін медалымен марапатталып, жиын соңында ҚазҰУ ректоры ТҮРКСОЙ ұйымының басшылығына студенттерге көрсеткен қолдаулары үшін ерекше алғысын білдірді.
www.kaznu.kz