Жаңалықтар

Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

03.02.2021

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Кездесу барысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бірінші проректоры М.М. Бүркітбаев пен Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Қ. И.Керімқұлов Техникалық реттеу саласындағы мамандарды бірлесіп даярлау перспективаларын талқылады.
"Стандарттау, метрология және сертификаттау" мамандығы бойынша ҚазҰУ физика-техникалық факультетінде 296 студент үш деңгейде (бакалавриат, магистратура, докторантура) білім алуда. 2000 жылдан бастап бұо мамандықты 860 студент игеріп диплом алды.
Түлектердің кәсіби қызмет саласы өнімге, процеске, оларды әзірлеу мен өндіру жүйесіне қойылатын нормалардың, ережелер мен талаптардың орындалуын белгілеу, іске асыру және бақылау болып табылады. Бұл мамандандық өнеркәсіпте, тау-кен және тау-кен өндіру, қайта өңдеу салаларында, металлургия, машина жасау, автомобиль жасау, көлік, агроөнеркәсіптік кешен, экология, денсаулық сақтау, білім беру және т. б. орындарда қажет.
Іс-шараға Алматы қаласы бойынша ТРМКД бас маманы А.А. Нысанбек, ҚазҰУ физика-техникалық факультетінің деканы А. Е. Давлетов және жылуфизика және техникалық физика кафедрасының меңгерушісі С. А. Бөлегенова қатысты.