- Негізгі бет
- Жаңалықтар
«050504 – Журналистика» мамандығы бойынша студенттердің Республикалық пәндік олимпиадасы өтті
14.04.2011әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қаңтардағы және ҚазҰУ-дың 2010 жылғы 2 ақпандағы №22 бұйрығына сәйкес құрылған комиссия мүшелері «050504 – Журналистика» мамандығы бойынша жоғары оқу орындары арасындағы Республикалық пәндік олимпиадасын өткізді.
Аталған мамандық бойынша студенттік пәндік олимпиада байқауында әділқазылар мүшелері: комиссия төрағасы: Олжай Қайнар – «Қазақстан» басқармасы төрағасының орынбасары. Комиссия мүшелері: Әшірбаев Бекжан – «Заң» газетінің бас редакторы; Мамырбек Рахат – «Алматы» телеарнасы продюссерлер тобының басшысы; Жеңісұлы Есей – «Ұлан» газетінің бас редакторы; Сейітман Серік – «Қазақ» радиосының журналисі, Журналистика саласы бойынша халықаралық «Шабыт» байқауының бірінші лауреаты; Алауханов Есберген Оразұлы – журналистика факультетінің деканы, профессор; Қатысушы командалар, команда жетекшілері болды.
Пәндік олимпиаданың I кезеңіңде «050504 – Журналистика» мамандығы бойынша типтік оқу жоспарына сәйкес, міндетті түрде оқытылатын: Қазақ журналистикасының тарихы», «Журналистика негіздері», «Телевизия және радио журналистика», «Көсемсөз жанрлары» профильдік пәндер бойынша тест алынды, ІІ кезеңнің бірінші байқауында «Студенттің бір күні» тақырыбында жасалған бейнероликтің үздік жеңімпаздары айқындалды. Ал екінші байқауында «Өнерліге өріс кең» номинациясы бойынша студенттерге өзінің шығармашылығымен көпшілікті таныстыру, ән айту, би билеу, өлең оқу, сахналық көрініс қою немесе т.б. өнерлерін ортаға салу мүмкіндігі берілді. Сондай-ақ, командалар білімін, тапқырлығын, ұшқырлығын білу үшін қосымша танымдық сұрақтар қойылды.
Олимпиаданың жабылу рәсімінде қатысушылар журналистика факультетінің телестудиясы мен университет мұражайымен танысты.
Нәтижесінде, «Студенттің бір күні» тақырыбында жасалған бейнероликтің үздік жеңімпаздары журналистика факультетінің арнайы дипломдарына ие болды:
І орын – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Элита» командасы.
ІІ орын – Сүлеймен Демирел атындағы университетінің «Үркер» командасы.
ІІІ орын – Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «Сырдария» командасы.
«Өнерліге өріс кең» номинациясы бойынша журналистика
факультетінің арнайы дипломдарына мына командалар ие болды:
І орын – Шет тілдер және Іскерлік карьера университетінің «Үркер» командасы.
ІІ орын – Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және шет тілдер университетінің «Жас қалам» командасы.
ІІІ орын – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Сыр түлегі» командасы.
Сондай-ақ, командалар білімін, тапқырлығын, ұшқырлығын білу үшін
қосымша танымдық сұрақтар қойылады. Нәтижесінде «Ең алғыр топ» номинациясы бойынша журналистика факультетінің арнайы дипломдарына мына командалар ие болды:
І орын – Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Тұран» командасы.
ІІ орын – Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, журналистика және саясаттану факультетінің «Күлтегін» командасы.
ІІ орын – С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Мәссаған» командасы.
Жеке номинациялар бойынша төмендегі студенттер журналистика факультетінің арнайы дипломдарына ие болды:
«Ең үздік биші» номинациясы бойынша: Сымбат Әбдахманова («Сырдария» командасы).
«Үздік образ сомдаушы» номинациясы бойынша: Индира Асанова («Элита» командасы).
«Ең үздік әнші» номинациясы бойынша: Кожамина Юлия («Үркер» командасы).
«Ең үздік күйші» номинациясы бойынша: Қазанғап Асқарбек
(«Шаңырақ» командасы).
Олимпиаданы өткізу және бағалау ережелері республикалық пәндік олимпиадаларды өткізу ережесіне сәйкес ұсынылды. Республикалық БАҚ журналистері Әділқазылар алқасының мүшелері болды. Олимпиада мына мақсаттарда ұйымдастырылды:
● Журналистика мамандығының шығармашылық рөлін арттыру;
● «Студенттің бір күні» номинациясы бойынша студенттер өздері
жасаған видео роликтің сюжеттік желісі мен мән-мазмұнын айқындау,
болашақ мамандықты игеру үшін мамандықтың жаңаша қырларын үйреніп-білуге талпыныс жасау;
● «Өнерліге өріс кең» номинациясы бойынша талантты да талапты
студенттерді анықтай отырып, біліммен сусындап жүрген студенттердің өнері мен шығармашылығын көпшілікпен таныстыру;
● Студенттердің өзіндік ойлау, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі шыңдау
қабілеттерін арттыру;
● Қоғамда болып жатқан өзекті мәселелерді талқылай білуге, оларға
байланысты өз көзқарасы мен ұстанымын қалыптастыруға икемдеу.
Шешім қабылдауда байқау комиссиясы әр команданың негізгі профильді пәндер бойынша тапсырған тест арқылы білім деңгейлерін ғана
бағалап қоймай, әрбір топ мүшесінің өнер сайысындағы белсенділігін де ескерді.
Негізгі оқу орнының байқау комиссиясы келесі тәртіппен марапаттауды ұсынды:
1-ші орын үшін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің І дәрежелі дипломымен марапатталды:
Богусбаева Құралай, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің 3-курс студенті.
2-ші орын үшін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
министрлігінің ІІ дәрежелі дипломымен марапатталды:
Меймеш Үмбетәлі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
журналистика факультетінің 2-курс студенті;
Майлыбай Жасұланбек, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 2-курс студенті.
3-ші орын үшін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
министрлігінің ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды:
Нұрышев Жәнібек, А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 3-курс студенті марапатталды.
Әбдірахман Сымбат, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 2-курс студенті;
Бейсенбек Диас, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 2-курс студенті.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі