Жаңалықтар

Үздік рецензент әрі инноватор

3-ақп-21

ҚазҰУ-дың ақпараттық технологиялар факультетінің жасанды интеллект және Big Data кафедрасының аға оқытушысы Мұрат Құнелбаев Cogent Engineering (Q2, Taylor&Francis, Ұлыбритания) журналының шешімі бойынша «Үздік рецензент – 2020» атағын иеленді.

Cogent Engineering, Q2 беделді шетелдік басылымының нұсқасы бойынша «Үздік рецензент – 2020» номинациясының жеңімпазы Мұрат Құнелбаев Финляндияда өткен инновациялар бойынша беделді халықаралық байқауында көзге түсті.

ҚР БҒМ Ақпараттық және есептеу технологиялары институтының аға ғылыми қызметшісі Мұрат Құнелбаев «Көміртекті бейтараптық саласындағы циклдік экономика және инновациялар» номинациясында «Термосифондық айналымы бар екі контурлы күн қондырғысы» тақырыбы бойынша халықаралық финалист атанды. Аталған шараға әлемнің 15 елінен келген инноваторлар қатысып, биылғы байқау онлайн режимде өтті.

www.kaznu.kz