Жаңалықтар

ҚазҰУ мен жапондық орталық арасында жаңа реактор құрылмақ

15.04.2011

15 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов Нейтрондық сәулелену және атомдық сынақ реакторы орталығы Директорының орынбасары Mr.Yukio TACHIBANA мырзамен кездесті.

Кездесуде Mr.Yukio TACHIBANA элект рэнергия, жылу және сутегін шығаратын зерттеу реакторын құруды ұсынды. Мұндай реакторлар өндірістік және тәжірибелік болып іргесі қаланса, жас мамандар осы сала бойынша ірі-ірі ғылыми жұмыстар жасауға ие болмақ.

Жапондық әріптестер осындай ұсыныстарын жеткізе отырып өз елдеріндегі зерттеу орталықтарында ҚазҰУ-дың 5 студентінің тәжірибеден өтіп, білім алуына қаржылай қолдау көрсетуге дайын екендіктерін айтты.

Ғылыми ұсыныстарды құп көрген ректор Ғалымқайыр Мұтанұлы дәстүрлі университеттен ұлттық зерттеу университетіне айналу жолында жасалынып жатқан жобаларды атап, бұл бағытта жапондық ғалымдарды ҚазҰУ-ға дәріс оқып, тәжірибе алмасуға шақыратындықтарын жеткізді.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі