Студенттеріміздің шет тілдерін меңгеруге деген ынталарының артуына тілдік клубтардың жұмыс істей бастауы игі әсерін тигізіп отыр. Шет тілдері курсына жазылушы студенттердің саны күннен-күнге артуда. Әсіресе француз тілін меңгергісі келетін студенттер көп-ақ, бұған себепші болған 5 қарашада Жастар рухани орталығында өткізілген француз клубының отырысы. Отырысқа Қазақстандағы Франция елшілігінің француз тілі саласындағы ынтымақтастық жөніндегі атташесі Йоан Шиттерер және елшіліктің әскери саласындағы машықтанушылары Сириак Фрисон-Рош, Станислас Бие-Шарретон, Француз альянсының директоры Жанар Қонаева, Қазақстан-Француз орталығының үйлестірушісі Гаухар Қоныспаева, университетіміздің оқытушы-профессорлар құрамы қатысты.
Отырыста Қазақстан мен Францияның достастығы туралы кеңінен әңгімеленіп, студенттер екі елдің көрнекті мемлекет қайраткерлері мен әсем орындары туралы слайд көрсетті. Сондай-ақ экономикасы мен мәдени құндылықтары туралы бірнеше слайдтар көрсетілді.
Келген қонақтар елшілікте жүргізілетін француз тілі курстары мен басқа да бағдарламалар жөнінде ақпараттар берді. Игі шараны шет тілдер кафедрасы француз тілінің оқытушысы Манабаева Жани Дүйсенқызы ұйымдастырды.
Шараның қызықты да тартымды өтуіне тілдерді дамыту бөлімі де өз үлесін қосты. Кеш соңында тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Төлеева Назым Әділбекқызы қонақтарға сый тарту ретінде қазақ тіліндегі сөздіктерді табыс етті.
Тілдерді дамыту бөлімі