20 сәуірде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанов пен Дэджон университетінің Президенті Енг Чул Лим мырзаның басшылығымен корей елінің өкілдерімен кездесу өтеді.
Олардың ішінде Дэджон университетінің вице-президенті Генсик Ан мырза және Дэджон университеті халықаралық бөлімнің директоры Пье Чангсун мырза бар.
Кездесу аясында екі жақтың ЖОО-да білім беру және ғылым саласындағы ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланып, келісім-шартқа қол қойылады.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі