Жаңалықтар

“Hallowen party”

7-қар-08

Бүгінгі таңда университетімізде мамандардың тілдік даярлығын жетілдіру бағытында біршама істер атқарылып жатыр. Мұның айғағы тілдік клубтардың жұмыстары болып табылады. Бәрімізге белгілі қараша айында ағылшындар дәстүрлі "Hallowen" мерекесін атап өтеді. Университетіміздегі ағылшын клубының мүшелері де осы дәстүрлі мерекеден сырт қалған жоқ. 4 қараша күні Жастар рухани орталығында  "Hallowen party" мерекесін өткізді. Мерекенің сайыс түрінде өткізілуі аса тартымды әрі қызықты болды. Әр факультеттен құралған төрт топ "Hallowen" мерекесіне арналған плакаттары мен киімдерін, осы мерекенің негізгі атрибуты іші жанған асқабақты рәсімдеп, оны қорғауы және өздерін таныстыруы бәрі де ағылшын тілінде жүргізілді.

 

Шақырылған қонақтар қорқынышты киім киіп, үрей үйіретін "Hallowen" мерекесінде күлкіге қарық болды. Кеш соңында әділқазылар алқасы оза шауып, жүйрік шыққан "Adams family" тобына ақшалай  сыйлық, ал басқа топтарға бағалы сыйлықтар берді.

 

Кештің үйлестіруші тілдерді дамыту бөлімі, ұйымдастырушысы 1-ші гуманитарлық шет тілдер кафедрасының оқытушысы Жанбосынова Лия Мәлікқызы. Студенттер қауымы бір сәтте болса ағылшын әлемінде болғандарына ризашылықтарын білдірді.

 

Тілдерді дамыту бөлімі