Бүгін ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінде ашылған НАТО жөніндегі ресурстық және ақпараттық орталығында студенттердің ұйымдастыруымен «НАТО моделі» форумы өтті.
Арнайы шақырылған қонақтардан Италияның әскери атташесі Марко Морро болды. Форумды халықаралық қатынастар факультетінің деканы Кәрімжан Шәкіров және профессор Құралай Байзақова ашты.
- Бүгінгі таңда НАТО-ның назарында Ауғанстандағы мәселе өзекті болып тұр. Бірнеше жылға созылған қақтығыс лаңкестік іс-әрекеттердің арқасында өршіп барады. Қазақстан өз кезегінде бұл мәселені шешуде атсалысып келеді. Сондықтан студенттеріміздің осы тақырыпты таңдап, талқылауға алуы бізді қуантады. Игі бастамаларың оңды болсын!, - деді Кәрімжан Шәкіров өз сөзінде.
Ал профессор Құралай Байзақова ауған елінің өзекті мәселесін шешуде ауызбіршіліктің басты роль ойнайтындығын атап өтті.
Белгілі бір мемлекеттің дипломат өкілі ретінде форум қатысушылары НАТО күн тәртібінде тұрған проблемаларды талқылады. Форум орыс, ағылшын, француз тілдерінде өтті.
Жиынға ҚазҰУ, Құрлықтағы әскерлердің әскери институты, Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты сияқты Алматы қаласының жоғары оқу орындарының 60-қа жуық студенттері қатысты.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі