19 сәуірде филология факультетіндегі «Tarzhiman club» жас аудармашылар ұйымдастырған кезекті “Аудармашылар”сайысы өтті. Бұл шараға аударма ісі мамандығының 2-курс студенттерінен құралған “Сөздік-kz“және “New breez(Жаңа леп)” топтары қатысып, аудару тәжірибесі бойынша білім-білігі, дағдылары бойынша сайысқа түсті.
Сайыстың бағдарламасы: таныстыру, кім жүйрік көркем мәтін аудару, үш тілде жарнама жасау, аудару, дүлдүлдер бәйгесі, музыкалық туындының мәтінін жазу, «аудармашының жалған достарын» табу тәрізді 8 кезеңнен тұрды.
Екі топтың да мүшелері сайыс барысында үлкен белсенділік танытты. Қазылар алқасының бағалауы бойынша “Сөздік-kz“ тобы жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанып жеңіске жетті. Сайыстың ұйымдастырушысы,әдеби шығармашылық және көркем аударма теориясының доценті Ләйла Мұсалы берілген тапсырмаларды орындаудағы студенттердің жетістігі мен кемшіліктерін атап өтті.
Тәрбие жұмысы және тілдерді дамыту департаментінің директоры департаментінің директоры Гүлнар Әлібекқызы жеңімпаздарға сыйлықтар тапсырып, мұндай шараларды болашақта факультетаралық деңгейде өткізу туралы ұсыныс жасады. Елбасының «үш тұғырлы тіл» саясаты тұрғысынан мұндай іс-шаралардың маңызы зор екенін атап өтті.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі