- Негізгі бет
- Жаңалықтар
ҚР ЖОО араларында VI жазғы Универсиадасы бойынша спорттың 37 түрінен жарыстар өтіп жатыр
20.04.20112011 жылдың 4 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасының түрлі қалаларында Қазақстан Республикасының ЖОО араларында VI жазғы Универсиадасы бойынша спорттың 37 түрінен жарыстар өтіп жатыр. ҚаҰУ-дың құрама командалары да өткізіліп жатқан жарыстарға қатысуда.
Бүгінге дейін келесі спорт түрлерінен жарыстар өткізілді:
- бадминтоннан (Алматы қ.) университеттің құрама командасы жалпы командалық есепте 1 орынды иеленді. Жарысқа 10 команда қатысты.
Қыздар арасында жеке есептегі категорияда орындарға ие болған келесі студенттер:
2 орын – Бондаренко Наталья – физика факультетінің 1 курс студенті
3 орын – Данабаева Рауан – экономика және бизнес жоғарғы мектебінің 2 курс магистранты.
Ұлдар арасында жеке есептегі категорияда орындарға ие болған келесі студенттер:
2 орын – Генин Данил – экономика және бизнес жоғарғы мектебінің 1 курс студенті
3 орын – Кушумов Ербол – экономика және бизнес жоғарғы мектебінің 1 курс магистранты.
Қыздар жұбында орындарға ие болған келесі студенттер:
1 орын – Данабаева Рауан – экономика және бизнес жоғарғы мектебінің 2 курс магистранты.
1 орын – Бондаренко Наталья – физика факультетінің 1 курс студенті
Жаттықтырушылары: дене шынықтыру және спорт кафедрасының аға оқытушылары Заурбекова Раушан Пралиевна және Даулеталиев Жомарт Мызалиевич.
- бильярд спортынан (Алматы қ.) университеттің қыздар құрама командасы жалпы командалық есепте 1 орынды, ал ұлдар құрама командасы 2 орынды иеленді. Жарысқа 15 команда қатысты.
Қыздар арасында жеке есепте орындарға ие болған келесі студенттер:
1 орын – Жанабилова Жулдуз – заң факультетінің 3 курс студенті
Ұлдар арасында жеке есепте орындарға ие болған келесі студенттер:
3 орын – Летов Евгений – экономика және бизнес жоғарғы мектебінің 4 курс студенті.
Команданы дайындауға жауапты дене шынықтыру және спорт кафедрасының оқытушысы Жумашев Дархан Стаханович.
- тоғызқұмалақтан (Алматы қ.) университеттің қыздар құрама командасы жалпы командалық есепте 3 орынды иеленді. Жарысқа 14 команда қатысты.
Қыздар арасында жеке есепте орындарға ие болған келесі студенттер:
1 орын – Есіркепова Арайлым – химия факультетінің 1 курс студенті
Ұлдар арасында жеке есепте орындарға ие болған келесі студенттер:
2 орын – Бектеміров Қайсар – экономика және бизнес жоғарғы мектебінің 4 курс студенті.
Жаттықтырушысы: дене шынықтыру және спорт кафедрасының оқытушысы Молдахметова Айнур Шахаровна.
- дзюдо күресінен (Алматы қ.) университеттің қыздар құрама командасы жалпы командалық есепте 1 орынды, ал ұлдар құрама командасы 2 орынды иеленді. Жарысқа 31 команда қатысты.
Қыздар арасында жеке есепте орындарға ие болған келесі студенттер:
1 орын – Жарманова Айна (52 кг) – биология факультетінің 3 курс студенті
2 орын – Куценко Олеся (57 кг) – биология факультетінің 3 курс студенті
2 орын – Алибекова Мадина (63 кг) – биология факультетінің 2 курс студенті
2 орын – Тауасарова Данара (абс) – биология факультетінің 1 курс магистранты
1 орын – Исанова Гульжан (+78 кг) – заң факультетінің 2 курс магистранты
Ұлдар арасында жеке есепте орындарға ие болған келесі студенттер:
2 орын – Жумаканов Елдос (66 кг) – биология факультетінің 3 курс студенті
3 орын – Мурат Бекзат (90 кг) – заң факультетінің 3 курс студенті
1 орын – Демьяненко Виктор (100 кг) – биология факультетінің 2 курс студенті.
Жаттықтырушысы: дене шынықтыру және спорт кафедрасының доценті Якуба Виктор Иванович
- үстел теннисінен (Қарағанды қ.) университеттің қыздар құрама командасы жалпы командалық есепте 2 орынды, ал ұлдар құрама командасы 1 орынды иеленді. Жарысқа 12 команда қатысты.
Қыздар арасында жеке есепте орындарға ие болған келесі студенттер:
2 орын – Подберезкина Ольга – биология факультетінің 4 курс студенті
Ұлдар арасында жеке есепте орындарға ие болған келесі студенттер:
1 орын – Бейсенов Самат – биология факультетінің 3 курс студенті
3 орын – Кельбуганов Тимур – биология факультетінің 3 курс студенті.
Жаттықтырушысы: дене шынықтыру және спорт кафедрасының аға оқытушысы Джаркешев Куаныш Идиярович.
Дене шынықтыру және спорт кафедрасы және университеттің спорт клубы Қазақстан Республикасының ЖОО арасында өтіп жатқан VI жазғы Универсиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтайды.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі