Жаңалықтар

Жапонияға көмек акциясы өтті

20.04.2011

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті жапонтану кафедрасы шығыстану факультетінде Жапонияда болған жерсілкінісінен зардап шеккендерге арнап ақшалай көмек көрсету акциясын өткізді.

Кафедраның оқытушы-профессорлар құрамы өздерінің бір күндік жалақысын берді. Акцияны студенттер мен мұғалімдер де қолдап, факультетте қабырға плакаттары ілінді. Арнайы құрылған қорапқа көмек көрсеткісі келетіндер өз ақшаларын сала алды. 103 мың теңге көлемінде жиналған қаржы ҚР Япония елшілігіне берілді. Бұл тек қана 1 транш болып келеді. Акция әлі жалғасуда және жапонтану кафедрасының бастамасын басқа факультеттер де қолдайды деген ойдамыз.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі