22 сәуірде корейтану кафедрасында Ханъянг Университетімен бірігіп корей тобы студенттері арасында шешендік өнерден байқау өтті.
Комиссия төрағасы болып Ханъянг Университеті халықаралық ынтымақтасу Департаментінің бас менеджері Ча сун Кель мен ассистенті Хю Джин келді. Байқау финалына 13 студент қатысты. Қасытушылар бар өнерлерін көрсетуге тырысты. Байқауда еркін тақырыптар таңдалды. Студенттер отбасы, достық, бақыт және т.б.туралы айтты.
Бірінші орынды «аударма ісі» мамандығының 2-курс студенті Иванова Ксения Кореяға тілдік тәжірбие жинақтауға баратын сертификатқа ие болды. Екінші орынды – Бичуинова Жібек (2 курс, мамандығы «Шет тілдер филология»), үшінші орын – Хасеинова Айжан (2 курс, мамандығы «Аударма ісі»).
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі