15-20 сәуір аралығында Иран мемлекетінде муай тайдан (тай боксі) Азияның ашық Чемпионаты өтті. Чемпионатта әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің келесі студенттері қатысып жүлдемен оралды.
Қазақстан Республикасының спорт шебері, заң факультетінің 2 курс студенті Серік Күлмаханов 2 орын, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, экономика және бизнес жоғары мектебінің 1 курс студенті Жансерік Әміржанов 3 орын иеленді.
Дене шынықтыру және спорт кафедрасы және университеттің спорт клубы муай тайдан (тай боксі) өткен Азияның ашық Чемпионатының жүлдегерлерін құттықтайды.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі