28 сәуір 2011 ж., 14.00–де, ректораттың 1 қабатында Британдық түлектер Клубы ақпараттық-ресурстық орталығының салтанатты ашылуы өтеді. Ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов, Қазақстан Республикасындағы Ұлыбритания елшісі Дэвид Моран, Британдық Кеңесінің өкілі Диляра Вудворд, ҚазҰУ ректоры Ғалымкайыр Мұтанов, Клуб төрағасы Әлібек Өміржанов, ҚазҰУ SIFE президенті Рауан Құрманғалиев, Қазақстан жоғары оқу орындарының ректорлары мен проректорлар, шетел конақтары қатысады. Сонымен қатар ашылу шеңберінде кампус аумағында көшеттерді отырғызу жоспарлануда.
ҚазҰУ Британдық түлектер Клубы Британдық Кеңес және Ұлыбритания елшілігінің қолдауымен құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады. Қазырғы таңда клубта 800-ге жуық мүше бар, сонымен қатар Клуб «Болашак» бағдарламасының түлектер қауымдастығымен және Еуропалық кәсiпкерлер қауымдастығымен әріптестік қатынаста.
Клубтың Миссиясы – Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы қарым-қатынасты нығайту үшін Қазақстанда тұрып еңбек ететін Британдық университет түлектерін біріктіру, сонымен қатар бизнес, білім, мәдениет және т.б саладағы ұйымдармен бірге қызмет ету. Клуб Қазақстанның экономикалық, интеллектуалдық, әлеуметтік және мәдени дамуына өз үлесін қосуға ұмтылады.
Клуб келесі бағыттарда қызмет көрсетеді:
- · ағылшын тілінде дәріс және семинарлар өткізу;
- · студенттердің кәсіби қасиеттерін дамытуға бағытталған тренинг, шеберлік-сыныптар, презентациялар өткізу;
- · ғылыми-зерттеу бағдарламаларды, халықаралық жобаларды, гранттарды іске асыру;
- · конференциялар, кездесу, форумдар және дөңгелек үстелдер өткізу;
- · студенттер мен оқытушылардың академикалық мобильділігін арттыруға қолдау көрсету.
Мансап секторы