Жаңалықтар

Шет тілін оқытудағы әдіс-тәсілдер семинары өтті

27.04.2011

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына қатысты Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың нұсқауымен «Үш тілдік» Мемлекеттік бағдарламасына орай халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар өткізілді. Семинардың мақсаты – қазіргі лингвистика ғылымының тілін меңгеру, оқыту әдістемесі, аударма және мәдениаралық қарым-қатынастың инновациялық тәжирибесін пайдалану, ғылыми ізденістерді халықаралық деңгейде жүзеге асыру.Халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар халықаралық қатынастар факультеті мен ҚазҰУ-дың қолданбалы лингвистика және мәдениаралық қарым-қатынас орталығының ұйымдастыруымен өтті.

Семинар Светлана Григорьевна Тер-Минасова, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу ұлттық университетінің (МҰУ) шет тілдер және аймақтану факультетінің негізін қалаушысы және деканы, шет тілдерін оқытудың теориясы кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., М.В. Ломоносов атындағы МҰУ-дың құрметті профессоры; РФ Ғылым және Білім Министрлігі Шет тілдер жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңестің мүшесі; Ресей ағылшын тілі оқытушылары Ұлттық бірлестігінің негізін қалаушы-президенті, Қолданбалы лингвистика ұлттық қоғамының негізін қалаушы-президенті, педагогика ғылымына сіңірген еңбегі үшін Ломоносов атындағы жүлденің лауреаты және Фулбрайттың 50 жылдық мерейтойының жүлдегері, Бирмингем университеті мен Нью-Йорк штаты Университетінің құрметті филология докторы, Ресей-Армян (Славяндық) университетінің құрметті профессорының қатысуымен өткізіліп жатыр. 160-тан астам еңбек пен халықаралық қарым-қатынас және шет тілдерін оқыту мәселесі жөніндегі ауқымды мақалалардың иегері.

Семинарға Қазақстанның барлық аймақтарынан – Семей, Қостанай, Тараз және Алматы қаласының белгілі университеттерінің оқытушы-профессорлары қатысты. Семинарда қазіргі таңдағы шет тілдерін оқытудың жаңа дәстүрлері мен инновациялары, «Мәдениет мен білім беру», «Тілдер мен мәдениеттердің өзара қақтығысы», «Жаһандық ағылшын тілі: жаһандану мәселелері» сынды көкейтесті тақырыптар қозғалды.

Ағылшын тілін оқыту әдістемесінің біркелкі ғылыми-тәжірибеленген жүйеліліктің жоқтығы мен сапалы оқулықтардың болмауы салдарынан ағылшын тілі пәнін оқытудың нәтижелі шықпауы, негізгі себептердің біріне жатады. Көрсетілген мәселелердің негізгі шешімін табудың және ағылшын тілін оқытудың деңгейін көтеру мақсатында шетелдік жетекші университеттердің профессорларымен бірлестікте халықаралық семинарларды өткізу аса қажет. Семинар әлемдік стандартқа сәйкес және алдыңғы қатарлы халықаралық және отандық IT-технология саласымен қоса профессионалдық бағытта тәжірибе алмасу мақсатында өткізілді. Семинарға қолданбалы лингвистика саласында ғылыми-инновациялық қызметтердің жетістігі ретінде ғана емес, сонымен қатар компьютерлік лингвистика, яғни электрондық оқулықтар мен сөздіктер, тестік тапсырмалар, әлемнің жетекші ғалымдарымен перспективті бірлестіктің және қызмет көрсетудің жүйесін жатқызуға болады.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі