29-30 сәуірде сағат 10.00-да әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде «Қазақстан археологиясы мен этнологиясы: жетістіктері және инновациялық технологиялары» атты археология және этнология кафедрасының 40 жылдығына арналған «ІІІ Оразбаев оқулары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.
Конференцияны өткізудегі басты мақсат археология мен этнологияның жаңа әдістері мен технологияларын пайдалану мәселелері қарастырылалды.
Шет елдерден келетін қонақтардың қатарында Германиядан – М. Майер, К. Гества, Ресейден – Ларина Е. И., Украинадан – Усачук А.Н., Қырғызстаннан – Иванов С.С., Тәжікстаннан – Майтдинова Г.М., Өзбекстаннан – Аширов А. А. және т.б. ғалымдар шақырылған. Сондай-ақ, белгілі отандық археологтар мен этнологтар баяндама жасайтын болады.
Конференция аясында Қазақстан археологиясы: жетістіктері және инновациялық технологиялары, Қазақстан этнологиясы: жетістіктері және инновациялық технологиялары тақырыбында секция жұмыс істейді.
30 сәуірде ортағасырлық «Ақтөбе-Баласағұн» қаласында далалық семинар өткізіледі.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі