Жаңалықтар

Оразбаев оқуларына арналған конференция өтті

30.04.2011

29-30 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде «Қазақстан археологиясы мен этнологиясы: жетістіктері және инновациялық технологиялары» атты археология және этнология кафедрасының 40 жылдығына арналған «ІІІ Оразбаев оқулары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияны өткізудегі басты мақсат археология мен этнологияның жаңа әдістері мен технологияларын пайдалану мәселелері қарастырылды.

Шет елдерден келген қонақтардың қатарында Германиядан – Миша Майер, Клаус Гества, Тәжікстаннан – Гузель Майтдинова және тарих ғылымдарының докторы, профессор Александр Подушкин, Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінен Дөкей Тәлеев және т.б. ғалымдар қатысты. Сондай-ақ, белгілі отандық археологтар мен этнологтар баяндама жасады.

Конференция аясында Қазақстан археологиясы: жетістіктері және инновациялық технологиялары, Қазақстан этнологиясы: жетістіктері және инновациялық технологиялары тақырыбында секция жұмыс істеді.

30 сәуірде ортағасырлық «Ақтөбе-Баласағұн» қаласында далалық семинар өткізілді.

Конференцияда оқылған баяндамалар жинағы және осы орайда археология және этнология кафедрасының ұйымдастыруымен тарих факультетінің студенттерінің жинағы және магистранттардың ғылыми мақалаларының жинағы жарық көріп отыр. Жинаққа Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған археология және этнология кафедрасы студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары негізінде жазылған мақалалары енгізілген.

Факультет және факультет түлектері археология және этнология кафедрасына 40 жыл толуына сый-сияпат жасады.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі