Жаңалықтар

Назар аударыңыз, байкау!

15.02.2021

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КЕАҚ нормативтік құқықтық актілер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізудің Үйлестірушісі болып белгіленді. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 шілдедегі №451 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу Қағидаларының 10-тармағына сәйкес Үйлестіруші сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу үшін конкурстық негізде сарапшыларды тартады.

Осыған байланысты, біз сарапшылардың конкурстық іріктеуіне қатысуға және сыбайлас жемқорлықты жоюға өз үлесін қосуға ниет білдірген барлық азаматтарды шақырамыз.

Конкурстық іріктеуге қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

1) жоғары білімді;

2) сарапшы ретінде әрекет етуді болжайтын қызмет саласында кемінде 5 жыл не сарапшы ретінде әрекет етуді көздейтін қызмет саласында ғылым кандидаты, ғылым докторы, PhD доктор немесе бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі болған жағдайда кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі;

3) өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болмауы;

4) әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін 3 жыл әкімшілік жазаның болмауы;

5) мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін жұмыстан босатылмауы;

6) сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін соттылығының болмауы.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2021 ж. 15 ақпанның сағат 10:00 – ден 2021 жылғы 19 ақпанның сағат 24:00-ге дейін, Нұр-Сұлтан қ. уақытымен.

Конкурстық іріктеуге қатысу үшін келесі құжаттарды қағаз және(немесе) электрондық жеткізгіште ұсыну қажет:

1) дербес деректерді өңдеуге келісімді растай отырып және міндетті түрде телефон нөмірлері мен электрондық пошта мекенжайын көрсете отырып, бірінші басшының атына еркін нысандағы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (тұпнұсқа салыстыру үшін);

3) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған);

4) білімі туралы құжаттардың, сондай-ақ «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификациялау рәсімінен өткенін немесе танылғанын растайтын құжаттардың (шетелдік білім беру мекемелері берген дипломдар үшін) көшірмелері (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған);

5) бар болған жағдайда ғылыми дәрежесін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған).

Бұдан басқа, конкурстық іріктеуге қатысушылардың біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау үшін Egov.kz электрондық үкімет порталынан қосымша мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

1. Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама.

2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет беру туралы анықтама

Конкурстық іріктеу кезеңдері:

1) конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардан құжаттарды қабылдау (15 ақпаннан 19 ақпанды қоса алғанда);

2) конкурстық іріктеуге қатысушылардың құжаттарын белгіленген критерийлерге сәйкестігін қарау (а.ж.22-23 ақпаны);

3) тестілеуге жіберілген үміткерлерді хабардар ету (а.ж. 24-25 ақпаны);

4) үміткерлерді тестілеуден өткізу (а.ж. 26 ақпаны);

Үміткерлер үшін тестілеуден өту мәні кемінде 30 (отыз) дұрыс жауапты құрайды;

4) сұхбаттасу туралы хабарлама (а.ж. 27-28 ақпаны);

5) сарапшылар тізіліміне енгізу үшін кандидаттармен сұхбаттасу. Сұхбаттасу нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша практикалық тапсырмаларды шешуді де қамтиды (а.ж. 1, 2 және 3 наурызы).

Кандидаттарды тестілеу 1 сағат ішінде өткізіледі және қолданыстағы заңнаманы білуге арналған 40 сұрақтан тұрады:

 1) «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі №480-V ҚРЗ Заңы;

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 шілдедегі №451 қаулысымен бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу қағидалары.

3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы №568 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою Қағидалары.

4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы №569 қаулысымен бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу Қағидалары.

5) Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2020 жылғы 21 тамыздағы №268 бұйрығымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ғылыми Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар.

Қосымша: ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2020 жылғы 21 тамыздағы №268 бұйрығымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ғылыми Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар.

Құжаттарды қабылдау орны.doc