Жаңалықтар

On-line режимдегі педагогикалық практика

17.02.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетінің "механика" мамандығының 4-курс студенттері «Республикалық физика-математика мектебінде» педагогикалық практикадан өтті.    

Мамандықтарына сәйкес 52 студент-практикант «Математика» және «Физика» кафедраларына бөлінді. Әр студет осы екі пәннің бірін таңдап, алдымен сол пәннен онлайн режимдегі сабақтарға қатысты, кейін өздері де онлайн режимде сабақтар жүргізді.

Практика алдында студенттерді толғандырған сұрақтар: «Мен мүлдем сабақ беріп көрген жоқпын», «Қалай болар екен?», «Сабақты онлайн қалай өткіземіз?», «Оқушылармен онлайн жұмыс істеу қиын болатын шығар» деген сұрақтар мен күмәнді ойлар басым болды.

Төрт аптаға созылған педагогикалық практика барысында жетекшілік еткен Республикалық физика-математика мектебінің тәжірибелі ұстаздары студенттерге ұстаздықтың сырын меңгертті. Механика кафедрасы тарапынан педагогикалық практикаға ф.м.ғ.к., доцент А.К. Тулепбергенов жетекшілік етті.

www.kaznu.kz