Жаңалықтар

Жастарды ғылымға тарту

17-ақп-21

Жасанды интеллект және Big Data кафедрасы зерттеу бөлімінің ғылыми қызметкерлері студенттермен кездесті.

Болашақ мамандарды ынталандыру мақсатында өткен шара студенттерге зертхана жұмысы және оның негізгі бағыт-бағдарын толықтай таныстыруға арналды.  

Жиынды ЖИ және BD кафедрасының меңгерушісі Мадина Есімханқызы және жас ғылыми қызметкерлер Амангелді Бибарс пен Тасмурзаев Нұрдәулет өткізді.

Меңгеруші Мадина Есімханқызы мен жас ғылыми қызметкерлер зертхана бөлімінде атқарылатын жұмыстар: өнеркәсіптік автоматтандыру, робототехника, ендірілген IOT жүйелері, жасанды интеллект, Веб-әзірлеу, Front-Back END бағыттарына толықтай түсініктеме берді. Әртүрлі жобалармен танысқан студент жастар аталған бағыттаға қызығушылық танытып, өз ойларын ортаға салды.

www.kaznu.kz