«Киберпедагогика роботтарға емес, сізге қатысты!» деген атаумен Бельгияның білім кеңесі ұйымдастырған алғашқы шеберлік сыныбы басталды. ҚазҰУ аталған елдегі «Киберпедагог» халықаралық білім беру қозғалысының серіктесіне айналды.
Шеберлік сыныптың негізгі мақсаты онлайн-оқыту ортасында жұмыс жасайтын оқытушылардың кәсіби құзыреттіліктерін кеңейту мен инновациялық әдістерді қолдана отырып, білім сапасының тиімділігін арттыру болып табылады. Жеті аптаға созылатын шеберлік сыныбында студенттерді қашықтан оқыту форматына тарту мен ынтасын арттыру, студенттермен желілік ортада сенімді қарым-қатынас орнату, тікелей эфирде сабақ беру мәселелері қаралатын болады.
Бельгия білім беру кеңесінің директоры Аксана Позднякова өз сөзінде аталған сыныпта кез-келген академиялық пәнді онлайн форматта игеруге know-how-ды қолдану арқылы үйренуге кепілдік беруге болатындығын атап өтті.
Интерактивті режимде өтетін шарада барлық қатысушылар бір-бірімен байланыс орнатып, педагогикалық үдерістің негізгі элементтерін компьютерлендіру, киберпедагогикадағы сан қырлы әдістер жайлы өзара пікір алмасатын болады.
www.kaznu.kz