Мамырдың 11 күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Корей мемлекетінен арнайы келген қонақтар, Кореяның денсаулық сақтау институты, халықаралық емдеу мекемесінің координациялық тобының бастығы Kim Sam Ryang, "JunglimArchitecture» дизайн орталығының директоры Park Won Bae, Корея сандық емхана агенттігінің аудандық директоры Kim Tae Hyung, Корея университеті жанындағы медициналық орталықтың вице-президенті Cho Tai Hyoung, Корея университеті жанындағы менеджер көмекшісі Kim So Heeмен кездесу өтті.
Жалпы кездесу аясында қаралған мәселелер, Корей университеттерімен білім-ғылым жүйесін алмастырып, университетіміздегі шығыстану факультетіндегі корей тілін еркін меңгерту, медициналық орталық ашу, Корей мен Қазақстан арасында ірі байланыс көпірін орнату қажеттігі ескерілді. 30 жылдан бері медицинаның дамуына үлес қосып келе жатқан Корей мемлекеті, бүгінде алдыңғы қатарлы ондықтың алғашқы сатысында көрініп келеді. Медициналық оқыту жүйесіндегі азаматтық сақтандыру, дәрігерлерге демеу көрсету, емханалардың әлемдік деңгейде алдыңғы қатардан көрінуін құрып жатқандығы алға тартылды. Тамыз айында Корей президенті Қазақстанда іссапармен болып, Оңтүстік Кореяда қабылданып жатқан жетістікке жеткізер жаңа заңдармен бөліспек. «Емхана, медициналық орталықтардың қызметін сіздермен алмастыру тез іске асады деп ойлаймыз. Түрлі халық пен мәдениетіміз екі жақты болғанымен, екі арадағы ортақ істі жалғастыру сәтті болмақ деген ниеттеміз. Біздің университетте көптеген факультеттер бар. Барлық білім жүйесін сіздермен бөліссек деген ниеттеміз» деген ойын жеткізді қонақтар. Алдағы маусым айының басында, Алматыда өтетін Корей мен Қазақстан арасындағы үлкен меморандумның іргетасы болашақ қарым-қатынас орнатуға ықпал етпек.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі