- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Сәтті сессия – басты талап
10.05.2011Университет рейтингісінің басты өлшемі сессия кезеңімен өлшенетіндігі тәжірибеден белгілі. Студенттің өз жиған-терген білімі мен тәжірибесін сынға алатын, пысықтап, таразылайтын шешуші сын сәті де студенттік өмірде сессия ұғымымен тығыз байланысты. Осы орайда әр студенттің сессияны қалай тапсырмағы университет рейтингісіне өз салмағын қоспақ. 10 мамырда өткен Ректораттың кезекті мәжілісінде 2010-2011 оқу жылындағы көктемгі сессияға дайындық деңгейі кеңінен қаралып және компетенттік бағыт негізінде оқу бағдарламасын дайындау мәселелері назарға алынды.
ҚазҰУ-дың Оқу жұмысы жөніндегі проректоры Гүлнар Балақаева мәлім еткендей, 1-3-курс бакалавриат студенттері 2-28 мамыр аралығында, 1-курс магистранттары мен 1-2-курс PhD докторанттары 2-21 мамыр аралығында 2010-2011 оқу жылының көктемгі сессиясынан өтеді. Бұл оқу жылының көктемгі сессиясында жалпы тапсырылатын емтихан саны магистратурада – 310, бакалавриатта – 2865, докторантурада – 230 құрайды. Студенттер көктемгі сессияны сәтті тапсыра отырып, келесі оқу жылына көшеді.
Проректор көктемгі сессияға дайындықты айтыпды, қысқы сессия уақытында емтихан ережесін бұзған, келеңсіз оқиғаларға орын берген тұстарды да атады. Ереже бұзғандарға тиісті шара қолданылғандығын тілге тиек етті. Емтихан тапсыру барысында «шпаргалка» қолдану, аты-жөнін қате жазу, емтиханға уақытында келмеу сияқты кездесетін келеңсіздіктердің алдын алу керектігі айтылды. Проректоар күзгі емтихан нәтижесінен кейін арнайы ережелер жасалынғандығын айтады. Олар: «Студенттің емтиханда өзін-өзі ұстау ережесі», «Емтихан қабылдаушының өзін-өзі ұстау ережесі», «Факультет диспетчерінің емтихан уақытында өзін-өзі ұстау ережесі», «Тіркеуші кеңсесі қызметкерінің емтихан уақытында өзін-өзі ұстау ережесі», «Деканның оқу жұмысы жөніндегі орынбасарының емтихан уақытында өзін-өзі ұстау ережесі», «Академиялық сұрақтар жөніндегі департамент қызметкерлерінің емтихан уақытында өзін-өзі ұстау ережесі». Сондай-ақ, география факультетінде емтихан билеттерінің жетілдірілген түрі мен экономика және бизнес жоғары мектебінде емтихан жауаптарын тексерудің жаңа құрылымы жасалынды.
Емтихан кезеңінің өтуі мен дайындығы айтылғаннан кейін алда сессияны сәтті тапсыру міндеті жүктелді. Студенттердің 30 мамыр мен 2 шілде, 4 шілде мен 6 тамыз аралығындағы жазғы семестрде оқуын дамыту, магистрантар мен докторанттардың шетелдік ғылыми өтілімге баруын кеңейтіп, академиялық ұтқырлықты дамыту міндеттері қойылды.
Компетенттік бағыт негізінде оқу бағдарламасынын дайындауда ең алдымен дәстүрлі университеттен зерттеу университетіне айналу талаптары басты назарға алыну қажет. Оқытуды зерттеу арқылы жұзеге асырып, білім бағдарламасы мен технологияларды дамыту керек. Зерттеу университетіне айналу жолында нарық сұранысына ие, қабілеттілікке сай мамандар даярлау университеттің басты талабы екендігі айтылды.
Ректорат мәжілісінде бұдан кейін тарих факультеті дүние жүзі тарихы кафедрасының меңгерушісі т.ғ.д., профессор Қалқаман Жұмағұлов зерттеу университеті жүйесіндегі дүние жүзі тарихы кафедрасының үлгісін ұсынды.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі