- Негізгі бет
- Жаңалықтар
TEMPUS PERSEUS жобасы 3-ші жыл өтуде
13.05.2011Мамыр айының 12-13 күндері ҚазҰУ-дың қолданбалы лингвистика мәдениаралық қарым-қатынас орталығының ұйымдастыруымен «Зерттеу жұмыстары – Ғылым – Өндіріс» TEMPUS PERSEUS принципі бойынша «Қазақстан жоғары оқу орындарында инновациялық қызметтің дамуы және келешегі» атты дөңгелек үстел өтті.
Дөнгелек үстелге ұлттық TEMPUS кеңсесінің үйлестірушісі Шайзада Таcбулатова, халықаралық ЕС жобасынан, профессор Карлос Мачадо, халықаралық жобалардың даму және басқару директоры, профессор Кристина Йокелайнен, сонымен қатар Алматы технологиялық университеті, Қарағанды экономикалық университеті, Оңтүстік Қазақстандағы М.Әуезов атындағы университеттерінен жоба үйлестірушілері мен TEMPUS PERSEUS жобасын жүзеге асырушы эксперттер қатысты. Жобаның басты мақсатында – Қазақстан ЖОО шағын және көп ғылымды кәсiпорындардың құрылу және даму келешегі талқыланды. Жергілікті және халықаралық серіктестіктер өкілдері мен ғалымдар Қазақстан университеттерiнiң өндiрiстiк үлгiлерін бiлiмнiң жаңа парадигмасында жетiлдiру, әлемдік бәсекелестіктің жетістіктері, тығыз байланыстарды күшейту, өндіріс пен ғылым арасында өзара пікірлесті. Профессор Карлос Мачадо: «Инновациялық қызметтің даму қарқынын жылдар сатысына бөлу қажет. Бірінші жылда даму қарқыны мен орталықтың құрылуы, екінші жыл оқыту жүйесі мен дамыту, үшінші жыл ең басты жұмыс атқарған бөлімдерден қорытынды жасау. Баға осы ең соңғы қорытындыға қарап шешіледі. Бүгінде бұл жоба 56 қатысушыны құрап отыр. Біз ең бастысы европалық профессорлардың кеңесіне жүгінеміз, себебі европалық әріптестер теория мен тәжірибені алмастырып, ақпаратты қолайлы жеткізе біледі. Негізінде санаққа жүгінсек, тренингтың бағасын көтерумен қатар, европалық әріптестерге де көмегін тигізеді. Біз бірден бір әріптестік қарым-қатынасты осы іргелі оқу орны ҚазҰУ-мен байланыстырамыз» деп айтып өтті. Қазақстанның әр аймағынан келген үйлестірушілер өз университеттерінің жобаларын көрсетіп, бір-бірімен ой алмаса білді.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі