Жаңалықтар

«АИТВ-инфекциясының алдын-алу» атты онлайн-кездесу өтті

09.03.2021

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында студенттер арасында салауатты өмір салтын ұстану, нашақорлыққа қарсы деструктивті мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру үшін Алматы қаласындағы ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу орталығының әлеуметтік дәрігері Үсенул Мадина, ҚазҰУ студенттерімен «АИТВ-инфекциясының алдын-алу» тақырыбында онлайн-кездесу өткізді.

Бұл жиын АИТВ-инфекциясын жұқтырмау жолдары туралы білім деңгейін арттыру, оның алдын алу шараларымен таныстыру және адамның иммунитет тапшылығы кезеңінде вирусты жұқтырмаудың амалдары мен АИТВ-инфекциясын жұқтырған науқастарға дұрыс көзқарасты қалыптастыру мақсатында өткізілді.

Аталған шараға ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультеті, заң және халықаралық бизнес университетінің «Логистика» мамандығының студенттері қатысты.

Кездесу барысында ЖИТС орталығының өкілі вирустың таралу жолдары, оның адам ағзасында даму ерекшеліктері, алдын-алу шаралары туралы егжей-тегжейлі айтып, тегін тексеруден өтуге болатындығын атап өтті. Тыңдаушылар адамның иммунитетін жоятын қатерлі дерт пен оның адам ағзасындағы дамуына қатысты көптеген пайдалы және қажет ақпарат алды. Сондай-ақ онлайн жиын барысында әрбір тыңдаушы салауатты өмір салтын ұстануда негізгі жауапкершілік әр адамның өзіне жүктелетіндігі жөнінде ой түйіп, тақырыпқа ерекше қызығушылық танытқан студенттер өз баяндамаларын ұсынды.

 

www.kaznu.kz