Жаңалықтар

ҚР Білім және ғылым министрлігі байқау жариялады

10-нау-21

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі  - ҚР БҒМ) Конкурстық құжаттамаға сәйкес ғылымды дамытудың басым бағыттары:

- Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін ұтымды пайдалану, экология;

- Геология, минералды және көмірсутек шикізатын өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технологиялар, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар;

- Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер;

- Өмір және денсаулық туралы ғылым;

- Энергетика және машина жасау;

- Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар;

- Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер;

- Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс және мамандырылған ғылым бойынша 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға конкурс өткізетіні жөнінде хабарлайды.

Конкурстық құжаттама және өтінімді рәсімдеу жөнінде түсіндіру жұмысын жүзеге асыруға жауапты тұлғалар: +7 (7172) 70-95-46, 70-95-00, ішкі 31-219, 31-224, 31-375, 8-771-537-61-61 Модахметова Алия Ерлановна,

8-701-734-23-29 Туганбаева Тлеужан Ермековна,

8-707-131-97-77 Джуасбаева Аксауле Каламхановна,

8-705-582-93-53 Дукомбайев Азамат Талгатович.

Өтінімдерді тіркеу және ЖТН (жеке тіркеу нөмірі) алу үшін «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесімен (is.ncste.kz) жұмыс істеу бойынша Call center: 8-727-355-50-01 (ішкі номер 210, 216, 217, 218, 219, 221, 224, 226, 227, 228, 229, 231, 232, 233, 234, 235, 236).

Жұмыс уақыты:  дүйсенбі - жұма, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс: сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Бағдарлама жетекшісі және өтінім берушінің электрондық цифрлық қолымен расталған конкурстық өтінімдер БҒМ Ғылым комитетіне электрондық түрде «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесіндегі https://is.ncste.kz сілтемесі арқылы беріледі.

Өтінімдерді қабылдаудың басталуы – 2021 жылғы 4 наурыз.

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі - 2021 жылғы 17 сәуір (қоса алғанда).