21 мамыр сағат 12.30-да Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Жез қоңырау» Студенттік альманағының салтанатты тұсаукесері өтеді.
Салтанатты тұсаукесер рәсімі ҚазҰУ филология факультетінің 312-ші дәрісханасында болады.
ҚазҰУ-дың 14 факультетінде білім алып жатқан талантты студенттер шығармашылығынан құралған кітап биыл екінші рет жарық көріп отыр. «Жезқоңыраудың» алғашқы туындысы ҚазҰУ-дың 75 жылдық мерейтойында жарық көрген болатын.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі